Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Букмекерлер Маклинмен болатын кездесуде жеңісті Головкинге беріп отыр

Букмекерлер Маклинмен болатын кездесуде жеңісті Головкинге беріп отыр

Букмекерлер Маклинмен болатын кездесуде жеңісті Головкинге беріп отыр

29-маусым күні орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (GGG) британдық Мэттью Маклинмен өз атағын қорғап қалу үшін шаршы алаңға шығатыны белгілі. Бұл осы кештің HBO телеарнасындағы басты кездесуі болмақ. 

Осы кездесуге байланысты еліміздегі ең ірі букмекерлік кеңсе "Олимп" Головкинді жеңімпаз деп таныпты. Сонымен жекпе-жек бойынша боксшылардың коэффициенттері былайша түзіліпті: Головкиннің жеңісі - 1,12, тең нәтиже - 40, Маклиннің жеңісі - 7,42. 

Жалпы бұл кездесу Головкиннің осы жылдағы үшінші, ал WBA белбеуін қорғаудағы сегізінші жекпе-жегі саналады. Британдық Маклин болса, соңғы кездесуін 2012 жылдың 15-қыркүйегінде өткізген болатын. Сол кезде ол гаитилік боксшы Джоашим Альсинді бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберген еді. Оған дейін Маклин екі кездесуде қатарынан жеңіліс тапқан еді. Алғашқысы неміс Феликс Штурм болса, екіншісі WBC гауһар белбеуінің иегері аргентиналық Серхио Габриэль Мартинес.  

Естеріңізге салсақ, Головкин мен Маклин арасындағы кездесу АҚШ-тың Коннектикут штатындағы Машантукет қаласында Foxwoods Resort Casino аренада өтеді. Жекпе-жек Boxing After Dark сериясы аясында НВО бокс телеарнасында көрсетілетін басты кездесу болмақ. 

Енді назарларыңызға әлем чемпионы, жерлесіміз Геннадий Головкиннің бұл кездесуге дайындық үстінен түсірілген бейнематериалды ұсынамыз: 


  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: heavy-bag.com

1794 2
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 09 маусым 2013, 18:55
Пікірлер
+0
09 маусым 2013, 18:49

WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (GGG) жеңеді.

+0
12 маусым 2013, 10:40

Генага ең қауіпті карсылас! бірақ Гена женетініне сенім мол!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Менен сізге 7 кеңес
Менен сізге 7 кеңес

...есімнен адасатын шығармын...

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын

Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы...


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...