Ұлттық Банк Олимпиада ойындарына арналған тиын шығарды

Ұлттық Банк Олимпиада ойындарына арналған тиын шығарды

Қазақстанның Ұлттық Банкі бүгін «Шайбалы хоккей. Олимпиада ойындары–2014 және Биіктікке секіру. Олимпиада ойындары-2016» деген құны 100 теңгелік тиын шығарды.

«Шайбалы хоккей. Олимпиадалық ойындар–2014» деген тиын 925 сынамадағы күмістен жасалған. Салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 миллиметр, тираж саны 8 000 дана екен.

Бұл тиынның алдыңғы бетінің төменгі жағында Қазақстанның елтаңбасы мен стадион бейнеленген. Жоғарғы жағында Ұлттық Банктің ресми таңбасы бар. Оны қоршап:«ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деп жазылған.

Тиынның артқы бетінде хоккей алаңында ойнап жатқан спортшылар суреттелген. Төменгі жағында Олимпиада ойындарының өтетін мерзімі «2014» жыл бейнеленген. Бұл санды қоршай ағылшын тілінде "OLYMPIC GAMES" сөзі жазылған.

«Биіктікке секіру. Олимпиада ойындары–2016» деген тиын да 925-сынамадағы күмістен жасалған. Салмағы–24 грамм, диаметрі–37 миллиметр, тираж саны–8 000 дана.  

Негізгі бетінде тиынның шыққан мерзімі «2013» жыл бар. Кері бетінде тұғырдан секіріп тұрған спортшы бейнеленген.

«Ұлттық Банк шығарған құны 100 теңгелік тиындар Қазақстанның барлық аймағында қолдануға жарамды. Бұл тиындармен сіздер тауар құны мен несие де төлей аласыздар. Айырбастауға да болады», - дейді Ұлттық Банктің баспасөз қызметі. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН