Қазақстан сатып алған футболистердің құны

Қазақстан сатып алған футболистердің құны

Еуропа футбол сарапшылары қазақстандық легионерлердің құнын есептеп, қызық қорытынды жасаған болатын. Жалпы сома аз емес болып шықты - 31,2 миллион доллар.

Биылғы кезеңде "Ақтөбе" футбол клубы шет елдік футболисттерді сатып алуға ең көп ақша жаратқан. "Ақтөбенің" шет елдіктерге төлеген ақшасы 4 миллион 100 мың долларды құрап отыр. Талдықорғанның "Жетісуі" мен Қостанай қаласының "Тобыл" футбол клубтары шет ел футболисттеріне сәйкесінше 3,7 және 3,3 миллион доллар төлепті.

Алматының "Қайрат" ФК команда күшін нығайтуға 2,4 миллион жаратты. Павлодарлық "Ертіс" те шамамен осыншама ақшасы шет елдік футболисттерге жұмсады. "Астана" ФК - 2,2 миллион, "Тараз" (Тараз) - 2,1 миллион, "Ордабасы" (Шымкент) - 1,8 миллион, "Сұңқар" (Қаскелен) - 1,5 миллион, "Қайсар" (Қызылорда) - 1,4  миллион, "Шахтер" (Қарағанды) - 1,3 миллион, "Атырау" (Атырау) - 1,1 миллион, "Ақжайық" (Орал) - 960 мың доллар.

Сурет mger2020.ru