300 метрден құлап, тірі қалды (Видео)

300 метрден құлап, тірі қалды (Видео)

Мэттью Гоу атты бейсджампер 300 метр биіктіктен құлап түссе де аман қалған. Парашюті дұрыс ашылмай қалған ол аздаған ғана жарақат алған болып шықты.

25 жастағы ағылшын Личфилд қаласының тұрғыны. Жартастан 180 рет, ұшақтан 700-ге таяу рет секіріп үлгерген тәжірибелі бейсджампердің 181-секірісі Альп тауларында Гард көлінің жағалауында болған еді. Экстремалдың айтуы бойынша, парашютті ашуға дейін оның дайындығы дұрыс болған. Бірінші кезде жәймен ғана ашыла бастаған парашют кейінде айналып, байланып қалған да егесін тау жартастарына бірнеше мәрте соққан.

Мэттью қауіпсіздік шараларын жасауда ешқандай қате болмағанын және бұл жағдай тек сәтсіздіктен шыққанын айтып сендіреді. Оны аман сақтап қалғаны көпжылдық тәжірибесі болып отыр. Жартасқа соғылу кезінде көрсеткен шеберлігі адамды таңғалдырады. Өзінің айтуы бойынша, ол дер кезінде дұрыс шешім жасай білген. Бір қызығы, экстремал көлге қарай әдейі бұрмағанын айтады, себебі ол жүзе алмайды екен, оның үстіне құлап бара жатқан сәтте ол екі аяғы бірдей сынған екен деп ойлапты.

Одан кейінгі қорқынышы жуылған киім жаюға арналған темірлер болған. Абырой болғанда, оған да тимей өтіп, тек дулығасы ғана сыныпты. Тіпті сол темірлер оның құлау жылдамдығын азайтқан көрінеді.

Жерге түскен соң ол өзінің дін-амандығына сенбепті. Біршама уақыттан соң оны ауруханаға алып кетті. Кейін анықталғандай, дәрігерлер оның дене жарақатын таппапты. Денесі бірлі-жарым ғана сырылған болып шыққан. Мэтью бұдан былай күрделі секірістерден сақтанатын болған, десек те ол бейсджампингті тастамайтынын айтыпты.

«Менің ата-анам бұл іспен айналысуға шектеу қоюға бір-екі рет тырысқан болатын. Бірақ мен спорттың аса күрделі екенін түсінемін, алайда спортпен қоштаспаймын», - дейді ол.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: fototelegraf.ru

А. Құлтай