"Формула-1" болидінде Астана логотипі пайда болды

"Формула-1" болидінде Астана логотипі пайда болды

12 мамырда аяқталған Гран-при Испания жарысында британдық Williams командасының болидтары Astana логотипімен қатысты. Бұл туралы Vesti.kz спорт порталы хабарлайды. Бұл Қазақстан астанасының осындай атпен "Формула-1" жарысына шыққан бірінші жағдайы.

Сондай-ақ, Аuto.lafa.kz порталы жарыс көліктеріндегі жапсырмалар Williams командасы қазақстандық TAK Group инвестициялық компаниясымен серіктестік орнатқаннан кейін пайда болды дегенді айтты. Аталмыш компания мәлімдегендей, жарыс болидтеріндегі Astana бренді қалаға спорттық жағынан да, туристік жағынан үлкен пайда алып келген көрінеді.  

1

Ал логотип Астанаға әкелген пайдасын британдық командаға әкеле қойған жоқ. Олай дейтініміз Williams пилоттары Вальттери Боттанс пен Пастор Мальдонадо бесінші кезең қорытындысында 16 және 14-орындарды иеленді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: formula1.com

 

Б. Қосмағамбет