Роналду көлік айдау құқығынан айырылды

Роналду көлік айдау құқығынан айырылды

Мадридтік «Реалдың» әйгілі ойыншысы Криштиану Роналду көлік айдау құқығынан айырылды. Бұл туралы Cadena Cope сайты хабарлап отыр.

Оқиға футболшының көлігімен үйіне бара жатқан жолда орын алған. Роналду жол ережесін бұзып қана қоймай, көлік тоқтауға тыйым салынған жолдың жиегіне тоқтаған.

Португалдық ойыншы өз қателігін тәртіп сақшысы келгенде де мойындамаған. Нәтижесінде атақты форвард көлік айдау құқығынан айырылып, сот алдында жауапқа тартылатын болады.

Естеріңізге сала отырсақ, таяуда португалдық аяқ доп шебері Гокмен Акдоган есімді өзінен аумайтын жігітпен жолыққан болатын. Сол жолы, Гокмен мен Роналдудың киім кию стильдері, шаш қою үлгілері бір-біріне қатты ұқсайтын болып шығыпты. Дей тұра, түрік жанкүйерінің португалдық шабуылшыдан бойы біршама аласалау екен.

cурет:www.razon.com.mx

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига