Карлсен шахмат тәжі жолында Анандпен кездеспек

Карлсен шахмат тәжі жолында Анандпен кездеспек

Кешегі күні Лондонда өткен шахмат тәжіне үміткер анықтау жарысында 22 жастағы норвег гроссмейстері Магнус Карлсен жеңімпаз атанды.

Соңғы кезеңде реселік Петр Свидлерге есе жіберіп қойғанымен, жалпы есептегі артық ұпай санымен жеңімпаз деп танылып отыр.

Карлсеннің жалғыз ғана басты қарсыласы саналған Владимир Крамник украин жігіті Василий Иванчукке ұтылып, турнирдің көш басынан сырғып қала берді. Карлсенмен бір қатарда 8,5 балл жинаса да, Крамник ертедегі жеңілістері үшін норвег жігітіне жол беруге мәжбүр.

Шахмат тәжі жолында жас жігіт 43 жастағы әлем чемпионы Вишванатан Анандпен кездесетін болады.

Қалған екі партияда  Левон Аронян (Армения) Теймур Раджабовтан басым түссе (Әзірбайжан),  Борис Гельфанд (Израиль) пен Александр Грищук (Ресей) арасындағы ойын тең нәтижемен аяқталған.

Қорытынды кесте төмендегідей: 1. Карлсен – 8,5 балл, 2. Крамник – 8,5, 3-4. Свидлер, Аронян – 8, 5-6 балдан. Грищук, Гельфанд – 6,5, 7 баллдан. Иванчук – 6, 8. Раджабов – 4.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига