Үздік велоспортшылар мен командалардың тізімі жарияланды

Үздік велоспортшылар мен командалардың тізімі жарияланды

Велошабандоздардың Халықаралық одағы (UCI) наурыз айының жаңа тізімін жариялады. Жаңартылған рейтінгте «Астана» велокомандасы 10 орынға жайғасыпты.

Велокомандалар арасындағы рейтингтің көш басында британдық «Sky ProCycling» орналасқан. Екінші сатыда ресейлік «Катюша» ұжымы болса, үздік үштікті америкалық «RadioShack» командасы қорытындылап тұр.

Ал жекейлей спортшыларға келер болсақ, жуырда өткен «Гент Вевельгем» додасының жеңімпазы, «Ликигаз»  командасының шабандозы Петер Саган бірінші орында. Швейцариялық Фабиан Канчеллара екінші орынды місе тұтыпты. Бұл шабандоз биылға маусымда «RadioShack» командасының намысын қорғап жүр. Өткен айдың қорытындысы бойынша, 17 сатыда болған испандық Хоаким Родригес бұл айда 3 орынға бір-ақ көтеріліпті. «Астана» командасының өкілі итальяндық Винченцо Нибали екі саты төмендеп, 9-шы орынға табан тіреген. 

Ұлттық құрамаларға келетін болсақ, бұл жерде Қазақстан құрамасы төрт саты төмен сырғыған. Енді біздің құрама UCI-дің тізімінде 23 орында. Бұл санатта бірінші орын Испания құрамасының қанжығасында екен.

 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: vesti.kz

 

 

 

 

Ю. НИКУЛЛИН