Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / "Барсаның" "Миланды" ұтуы мүмкін бе?

"Барсаның" "Миланды" ұтуы мүмкін бе?

Бүгін Астана уақытымен сағат 01:45-те Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында «Барселона» мен «Милан» командалары қарымта кездесулерін өткізбек. "Милан" клубы ширек финалдық жолдаманы қолдарында ұстап қалуға тырысса, керісінше, каталондықтар екі голдың есесін қайтару мақсатында гандикап жасауға бар күштерін сарқитын болады.

Бүгін кешке "Барса" командасы «Сан-Сиродағы» сәтсіздіктің алдын алып, туған өлкенің төсінде, яғни «Камп Ноу» стадионында тоқсан мың жұртшылыққа тамаша футбол спектаклін қойып беруге тырысады. Ол үшін Месси бастаған, Хави қостаған ойыншылар ғаламат ойын өрнегін көрсетуі тиіс.

Италияндық клубтың бас бапкері Массимилиано Аллегри ойынға бірінші минуттардан үш бірдей шабуылшыны шығарып, жарақат алып қалған Найджел де Йонг, Джампаоло Паццини мен Филипп Мексес секілді ойыншыларды қосалқы құрамда қалдыруы мүмкін. 

Өткен аптада қос команда да ішкі біріншілікте жеңіске жете алды. «Барселона» өз алаңында «Депортивоны» тізе бүктірсе, «Милан» командасы қонақта «Дженоа» клубынан басым түсті.

Жорди Роура бапкер ойынға Хавидың шығу-шықпауын әзірше дүдәмал күйінда қалдырып отыр. Жылдам әрі жас есепті Тиагоның ойынға араласып қалуын жоққа шығармады.

Кім не деді? Қысқа да нұсқа қылып келтіре кетсек:

Массимилиано Аллегри,  «Милан» командасының бас бапкері: "Үш шабуылшымен ойнайтын боламыз... Италиялық футбол еуропалық чемпионаттардағы ойындардан әрқашан айырмаланып келген... Тамызда бастау алған команданың жаңа түзілісі бүгінгі күн жеңіліп қалып жатқан жағдайда да одан әрмен қарқынды түрде құрыла беретін болады".

Жорди Роура, «Барселона» командасының бас бапкер көмекшісі: "Ойын жағдайын өзгертуге тырысамыз... Ойын тоқсан минутқа созылатындықтан баспен жұмыс істеу керек және салқындалық сақтап, басымдылықты қолдан шығарып алмауға тиіспіз. Мұндай қиындыққа бұдан бұрын да тап болған болатынбыз...".

Жерар Пике, «Барселона» командасының қорғаушысы: "Тоқсан мың адамның бізге сенгені дұрыс... Адамдар естерінен тез шығарып алады. Бұл команданың өте-өте үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізе алатынын біліп жүрсін деймін. Оның ішінде - бүгінгі жеңіс!"

Массимо Амброзини, "Милан" командасының капитаны: "Ойынның тағдыры біздің көңіл-күйімізге байланысты..."

Андрей Шевченко, "Миланның" бұрынғы ойыншысы: "Екі голдың айырмашылығы "Миланға" ешқандай кепілдік бере алмайды... "Миланның" келесі кезеңге өтуге үлкен мүмкіндігі бар..."


сурет:vk.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

1090 16
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 12 наурыз 2013, 19:20
Пікірлер
+0
12 наурыз 2013, 20:32

"Барса" ұтады деп 5 мың тіктім!!! Мессилерге біршама тер төгу керек, Ай-ай, италияндықтар қорғанысқа жамбастап жатып алар

+0
12 наурыз 2013, 21:31

Милан ұтады сенімім мол алдыңғы лига чемпионовта челсидің финалға өтеді деп менен басқа ешкм сенбеген!Бірақ ұтты!

+0
12 наурыз 2013, 20:41

иа мүмкін, Месси барса да ғой

+0
12 наурыз 2013, 20:50

4-1 болады Месси покер

+0
12 наурыз 2013, 20:55

оптимист болғаның жақсы, оюъективті қараған дұрыс сияқты, жеңетін шығар бірақ шыға алмайды. менің ойыиша есеп 2-1 немесе 3-1 болады

+0
12 наурыз 2013, 20:59

ең бастысы, жақсы ойын болса екен. Ал жақсы ойын жағдайында "Барса" үнемі жеңімпаз болып шығып отырған. Боатенгтен қорқу керек қорғаушыларға.

+0
12 наурыз 2013, 21:09

Барса ұту керек бұйырса! Мессиге сенеміз!

+0
12 наурыз 2013, 21:27

Liverpool FC сен менің бір апта айтып жүрген сөзімді қайталадың. Және саған бүгін қосыламын. Барсаның салатынына күмәнім жоқ, бірақ Милан да салады. Үш шабуылшы деген........... :roll: ...... :roll: ...... :roll: ..... ғой. Сондықтан Барса жүгіріңдер!!! Сәттілік.

+0
12 наурыз 2013, 23:36

Барса ұтуын ұтады ғой, бірақ келесі кезеңге өтуі 2талай!

+0
13 наурыз 2013, 00:06

мен ештеңе айта алмаймын, көрейік, әліптің артын бағайық, алдын ала шешім шығармайық

+0
13 наурыз 2013, 03:48

4-0 барса жеңді урааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааа

+0
13 наурыз 2013, 04:00

Барсалыктар без шансов ойнады. Бір тұста ғана Құдай сақтап қалды. Месси бастаған ойыншылардың мықтылығы тағы да бір танылды. Мужской характер деген осы!!!

+0
13 наурыз 2013, 10:20

Бәрі де мүмкін деп айттым ғой достар! Барса шын жүректен құттықтаймын! ;)

+0
13 наурыз 2013, 12:30

рахмет Anfield!

+0
27 наурыз 2013, 22:21

Милан Милан Милан алга :lol: :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...