Алексей Полторанин Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды

Алексей Полторанин Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды

Шаңғымен жүгіруден қазақстандық Алексей Полторанин Финляндияның Лахти қаласында өтіп жатқан Әлем Кубогының 13-кезеңінде мәреге екінші келіп, күміс жүлденің иесі атанды.

Бұл жолдағы бас бәйге Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, әйгілі норвегиялық шаңғышы Петтер Нортугтың қанжығасында кетті. Отандасымыз жеңімпаздан 31,7 секунд ұтылып қалды. Үздік үштікті Нортгутың отандасы Мартин Йонсруд Сандби қорытындылады.

Айта кетейік, аталған жарыста қалған жерлестеріміз жақсы нәтижеге қол жеткізе алмады. Жарыс жолына шыққан тағы бір отандасымыз Николай Чеботько 20-орыннан көрінсе, Евгений Величко 34-сатыға тұрақтады. Ал Марк Старостин 60-орынды қанағат тұтты.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz 

Ю. НИКУЛЛИН