"Шал" боксшы - әлем чемпионы!

"Шал" боксшы - әлем чемпионы!

Американдық боксшы Бернард Хопкинс қатарласы Таворис Клауданы тізе бүктіріп, кешегі күні IBF версиясы бойынша орта ауыр салмақта әлем чемпионы атанып отыр.

Он екі раундқа созылған Нью-Йорктегі кеште қазылар алқасы бір ауыздан Хопкинсті жеңімпаз деп таныды. Айта отырсақ, төрелік еткен төбе билер Хопкинстың ширақтығын баса назарға алыпты - 117:111, 116:112, 116:112.

Атаулы кездесуде 48 жастағы Хопкинс өзі орнатқан бұрынғы рекордты жаңартып, тиісінше бокс әлеміндегі жасы ең үлкен әлем чемпионы болып танылды. Бұдан бұрын да, өткен жылы Хопкинс аталған версияның арнаулы жүлделерінің бірін 46 жаста жеңіп алған еді.

Клаудты тізе бүктіру арқылы Хопкинс 63 кездесуде 53-інші жеңіске қол жеткізді. Ал бұған дейін 24 рет рингке көтеріліп үлгерген Клауд алғашқы ащы жеңілістің дәмін татуда.

сурет:РИА.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига