WSB сериясының финалы Астанада өтетін болды

WSB сериясының финалы Астанада өтетін болды

Бүкіл әлемдік бокс сериясының (WSB) үшінші маусымындағы финалдық жекпе-жектер елордамыз Астана қаласында өтетін болды. Бұл туралы Халықаралық бокс федерациясы хабарлайды.

Финалдық кездесу 2013 жылдың 10 немес 11 мамырында өтетін болады. «Astana Arlans» командасының бас директоры Болат Манкеновтың айтуынша, бұл серияның финалдық кезеңін қабылдауға WSB және AIBA мүшелері осыдан үш ай бұрын айтқан екен. Ұзақ уақыт бақылаудан кейін бұл ұйымның басшылары Астана қаласында WSB сериясының финалын қабылдауға рұқсат берген.

Бүкіл әлемдік бокс сериясында еліміздің намысын қорғап жүрген «Astana Arlans» командасы өз тобында бірінші орын алып, плей-оффтық кезеңге шықты. Енді біздің жігіттер ширек финалдық кездесулерін 29-30 наурыз күндері «Argentina Condors» немесе «Russia Boxing team» клубына қарсы шығатын болады.

Бұл ширек финалдық кездесу «Арландар» Астана қаласында өткізілетін болып шешілді. Ал WSB-дің жартылай финалдық кездесулері 12-13 сәуір күндері болады.

Айта кетейік, ертеректе WSB тұжырымының 2011 жылғы финалы Қытайдың Гуйянг қаласында, ал 2012 жылы Ұлыбритания астанасы Лондонда өткен болатын. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет:vesti.kz

А. Құлтай