Астана Әлемдік шахмат олимпиадасын өткізуге үміткер

Астана Әлемдік шахмат олимпиадасын өткізуге үміткер

Шахмат бойынша Әлемдік олимпиада 2018 жылы болады. Халықаралық Шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Кирсан Илюмжиновтың айтуы бойынша, Астана – үміткерлер қатарына бүгін енген.

«Бүгін Қазақстан Шахмат федарациясынан олимпиаданы Астанада өткізу туралы ұсыныс келіп түсті. Мұны алғаш рет Қазақстан Шахмат федерациясының президенті Әсет Исекешов екеуміз мәлімдеп отырмыз» дейді ол.

Ұсыныс 2014 жылы ФИДЕ ассамблеясында қарастырылады. Президенттің айтуы бойынша, 2018 жылы олимпиада өткізуге үміткерлік көрсеткендер көп, бірақ Астана қаласы барлық мүмкіндікке ие.

EXPO-2017 Халықаралық көрмесінде тұрғызылған инфрақұрылым Илюмжиновтың пікірінше, олимпиада қабылдап алуға дайын екен. Астана қаласы 180 елдің шахматшыларын қабылдай алады.

Шахматтық олимпиада – ФИДЕ құрамына енген елдерден келген шахмат командаларының сайысы. 1927 жылдан бері өткізіледі. Басты марапат ретінде Гамильтон-Расселдың алтыннан жасалған өтпелі кубогы мен әр қатысушыға берілетін алтын медаль.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: eastana.kz

А. Құлтай