Зарина Дияс келесі айналымға шықты

Зарина Дияс келесі айналымға шықты

Отандық теннисші қызымыз Зарина Дияс Малайзия астанасы Куала-Лумпурде өтіп жатқан "WTA Malaysian Open 2013" турнирінің келесі айналымына шықты.

Бірінші айналымда 19 жасар спортшы қызымыз чех қызы Кристина Плишкованы 6:7 (5:7), 6:1, 7:5 есебімен тізе бүктірді. Айта отырсақ, Зарина WTA - рейтингісінің 242-орнында жайғасқан, ал 20 жасар Чехия өкілі - 99-орында. Аталған теннисшілер спорттағы өз мансап жолдарында алғаш кездесіп отыр екен. 

Келесі айналымда Зарина Дияс аустралиялық Эшли Барти мен ОАФ елінің спортшысы Шанель Симмондстың қай жеңгенімен кездесетін болады.

Естеріңізге сала отырсақ, отандық спорт шебері басты айналымға іріктеу кезеңдері арқылы өтіп еді. Онда ол украиналық Людмила Киченок (6:3, 6:2)  пен "күншығыс елінің" өкілі Эрика Семудан (6:3, 6:3) басым түскен-ді.

сурет:vesti.kz 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига