2013 жылы күз айында "Тур Алматы" веложарысы өтеді

2013 жылы күз айында "Тур Алматы" веложарысы өтеді

Осы жылғы басты спорт жарыстарының бірі - "Тур Алматы" веложарысы 2013 жылдың қазан айында өтетін болды, деп хабарлайды халықаралық велошабандоздар одағының (UCI) басшысына сілтеме жасаған Vesti.kz тілшісі. 

UCI басшысы өз сөзін былайша келтірген: ""Тур Алматы" - Қазақстанда ұйымдастырылып отырған халықаралық спорттық жарыстардың алғашқысы. Басында біз оны біркүндік жарыс ретінде жасағалы отырмыз. Бірақ уақыт өте келе, оны көпкүндікке айналдыруды да қарастырамыз. Нәтижесінде ол үлкен халықаралық жарысқа айналуы мүмкін. Бәрі де осы спорт түрінің сіздің елде танымалдығына байланысты болмақ. Біз жарысты халықаралық одақ аясында өткізетін боламыз. Қазақстанда бұрын-соңды дәл осындай старт болып көрген емес".

Одан бөлек, UCI басшысының елімізге келу барысында екі құжатқа қол қойылды. Оның біріншісі - Астанада UCI ұйымының ТМД елдері бойынша ресми өкілдігі ашылатын болса, екіншісі - республикалық "Сарыарқа" велотрегіне "Халықаралық велоспорт одағы әлемдік велосипед орталығының серігі" статусы берілді.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет:sports.kz 

Б. Қосмағамбет