Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Муайтайдан Қазақстан біріншілігі аяқталды

Муайтайдан Қазақстан біріншілігі аяқталды

Муайтайдан Қазақстан біріншілігі аяқталды

Осыған дейін біз сіздерге Алматыда бокстың муайтай түрі бойынша Қазақстан чемпионаты басталғанын хабарлаған едік. Енді міне, арада үш күн өткеннен соң чемпионат жеңімпаздары да анықталды. 

Айта кетейік, бокстың бұл түрі елімізге кеш келгендігіне қарамастан, кенже дамыған спорттар қатарынан саналмайды. Олай дейтініміз, муайтай жекпе-жегінен қазірдің өзінде спортшыларымыздың бірнешеуі "әлем чемпионы" деген атақтарға қол жеткізіп үлгерген. Оның ішінде алматылық Нұрым Кемал мен Жансерік Әміржановты айтуға болады. Олардың екеуі де осы біріншілікте өз шеберліктерін көпшілікке паш етіп, ел чемпионы атағына ие болды.  

1 

2

Осы біріншіліктің өту барысына Қазақстан муайтай Федерациясының вице-президенті Фархат Аманқұлов былайша пікірін білдірді: "Ел біріншілігі жоғары деңгейде өтті. Әсіресе Атырау мен Астана өңірлерінің спотшылары өз шеберліктерімен таң қалдырды. Сондай-ақ, жаңа талантты жастардың да өсіп келе жатырғанын көзіміз көрді. Олар да нағыз жауынгерге сай өнер көрсете алды. Тағы бір айта кетерлігі, ел чемпионы атанғандар ұлттық құрамаға алынып, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғау мәртебесіне ие болады. Сондықтан да бұл жарыста ешкім аянып қалған жоқ". 

3

4

5

Үздік өнер көрсеткен спортшылар Федерация тағайындаған арнайы сыйлықтармен марапатталды. 

4

Сонымен, назарларыңызға өз салмақтары бойынша жүлдегер атанған спортшылардың тізімін ұсынамыз:

Ерлер:
45 келіде:

1. Арманбек Ануаров (Атырау);
2. Болатхан Кәрімов (Атырау).

48 келіде:
1. Арай Абжанов (Павлодар);
2. Данияр Мұхамедов (Астана);
3. Асхат Бопылов (Ақтау), Еламан Иманқұлов (Алматы).

51 келіде:
1. Рауан Қалдыбаев (Алматы);
2. Темір Сұлтан (Астана);
3. Айдос Қарташов (Ақөбе), Диас Нұрманов (Алматы).

54 келіде:
1. Ишан Ғалиев (Атырау);
2. Азамат Әбішев (Павлодар);
3. Рүстем Жақсылықов (Қостанай), Асылбек Балтабай (Алматы).

57 келіде:
1. Нұрым Кемал (Алматы);
2. Азамат Жекебатыров (Алматы);
3. Ержан Сұлтанов (Ақтау), Әзиз Махпиров (Алматы).

60 келіде:
1. Рауан Досбаев (Алматы);
2. Қазыбек Сағындықов (Астана);
3. Бахтияр Бикеев, Алмас Биболов (екеуі де Павлодар)

63,5 келіде:
1. Рүстем Әшімбаев (Алматы);
2. Тахир Агишев (Астана);
3. Дамир Тыныбаев (Павлодар), Асхат Ахметқалиев (Алматы).

67 келіде:
1. Жансерік Әміржанов (Алматы);
2. Дархан Қазиев (Астана);
3. Бағдат Қалиев (Актөбе), Рустам Ниязов (Алматы).

71 келіде:
1. Евгений Огородников (Петропавл);
2. Рүстем Ақжанов (Астана);
3. Темірлан Дүйсембаев (Алматы), Вадим Дрищ (Қостанай).

75 келіде:
1. Эмиль Умаев (Алматы);
2. Вадим Лопарев (Алматы облысы);
3. Максим Игнатович (Павлодар), Қуандык Түлеушов (Ақтөбе).

81 келіде:
1. Александр Яшин (Алматы);
2. Арман Зарубаев (Алматы облысы);
3. Мирас Бейсембаев (Павлодар), Тимур Джаналиев (Алматы облысы).

86 келіде:
1. Мансур Дурдишев (Ақтау);
2. Жасұлан Құрмашев (Астана);
3. Александр Якименко (Қостанай), Азамат Айтбаев (Алматы облысы).

91 келіде:
1. Манас Джанышев (Алматы облысы);
2. Руслан Аведеев (Алматы);
3. Қанат Жантаев (Алматы), Ғалымжан Қалимов (Атырау).

91 келіден жоғары салмақта:
1.Станислав Мазунов (Алматы);
2. Ахмед Чикаев (Алматы облысы);
3. Маралбек Досжанов (Атырау), Мақсат Ахметов (Алматы).


 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет және видео: ©Болат Қосмағамбет 

3667 3
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 25 ақпан 2013, 23:30
Пікірлер
+0
26 ақпан 2013, 01:26

:D atirau krasava

+0
26 ақпан 2013, 08:52

Ма бізде біраз адам айналысады екен ғой

+0
26 ақпан 2013, 11:23

Атырау №1

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?
Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...