Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / "Арландар" жеңісімен қуантты

"Арландар" жеңісімен қуантты

Қазақстандық бокссүйер қауым үшін жақсы жаңалығымыз бар. Иә, иә, сөзімізден байқағаныңыздай біздің жігіттер бір ұпай айырмашылықпен жеңісті мексикандық боксшылардан жұлып алған болатын.

«Астана арландары» елорда төрінде Мексика елінің «Mexico City Guerreros» клубын қабылдап, 3:2 есебімен жеңіске жетті. "Дәулет" спорт сарайында өткен тартысты доданың бірінші кездесуінде салмақ дәрежесі 54 келіге дейінгі Хабиболла Исмаил-Ахунов пен мексикандық Елиас Емигдио жұдырақтасты. Осы кездесуде біздің спортшы жеңіске жете алмады. Жеңіске деген ұмтылысы боксшымыздың көзінен анық байқалғанымен, Хабиболла дегеніне жетпеді. Алайда,"арланның" шаршы алаңда көрсеткен өнері тәп-тәуір еді. Бірақ, Елиас жеңісті оңай бергісі келмейтін, нағыз ер жүрек екен. Негізі кездесуде екі спортшы тең өнер көрсеткенімен, бес раундтың қорытынды нәтижесі бойынша жеңіс қонаққа берілді.

61 келі салмақ дәрежеде Мерей Ақшалов пен Ангел Гутиеррес айқасты. Мерей Хабиболланың ала алмаған жеңісіне қол жеткізіп, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді. Қолы ұзын Мерей қарсыласын алыстан нық соққылармен ұрғыштап, қонақты өзіне жақындатпады. Дегенмен, Ангел да дем бермеді. Бірақ, бұл жолы жеңіс Мерейге бұйырды.

Рустам Сыбаев пен мексикандық клуб өкілі украиналық Дмитрий Митрофанов 73 келі салмақ дәрежеде өнер көрсетті. Екі спортшы арасында өткен кездесу өте тартысты өтті. 5 раунд бойы бір-біріне аяусыз соққы жаудырған боксшыларға тек жеңіс керек еді. Бұл кездесуде тактикалық жоспарды екі боксшы да ұстанбағанымен, әр раундта шаршы алаңдағы жағдай қыза түскен. Бірақ, бұл шайқаста Рустамның соққыларынан Дмитрийдікі тиімді болды.

Астаналық "арландардың" сапысында өнер көрсетіп жатқан Рамжон Ахметов Кеннеди Катантемен сынға түсті. 85 келі салмақ дәрежесіндегі екі боксшының соққылары тактикаға толы болды. Бұл жолы Рамжан арақашықтықты сақтап, соққы жіберуге мүмкін болған сәттерді тиімді пайдаланды. Жанкүйерлердің қошеметтерінен қолдау алып, жеңіске қарай бет бұрды. Жеңіс біздікі.

Екі клуб арасындағы қарымта кездесу Мексикада 9 наурыз күні өтпек. Бұл жолы да былғары қолғап шеберлеріміз жеңіске жететініне кәміл сенеміз.

Сурет Tengrinews.kz

Форумда талқылау

1257 1
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 03 наурыз 2012, 17:00
Пікірлер
+0
03 наурыз 2012, 23:38

" Қолы ұзын Мерей қарсыласын алыстан нық соққылармен ұрғыштап, қонақты өзіне жақындатпады"))))))))))

+0
04 наурыз 2012, 02:02

Мерейден әлі көп нәрсе күтуге болады.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...