Біз жоғалтқан Олимпиада ойындары

Біз жоғалтқан Олимпиада ойындары

FURFUR сайты Олимпиададан шеттетілген, біртүрлілеу спорт түрлерін тізіпті. Ауа шарымен жарысу, кедергілермен жүзіп жарысу. Сонымен толық тізім былай екен. Мүмкін естеріңізде бар да шығар?

Теңізшілердің жарысы

Афинадағы ең бірінші Олимпиада кезінде қазіргі 100, 200, 500 метрлік суға жүзу жарысынан бөлек, грек теңізшілерінің де жарысы болыпты.

Қатысушылар матрос киімінде болуы шарт екен. Сол жарыста корольдік флоттың теңізшісі Иоаннис Малокинис жеңімпаз атаныпты.

Ал Парижде өткен Олимпиада ойындары кезінде нағыз парадокс болған. Ойын дисциплиналарының қатарында шөп үстіндегі боулинг, же-де-пом, үрмелі шармен жарысу, көгершін ату секілді ойындар жүрген.

 
 

Көгершін ату

Бұл спорт түрі қатігез сипатта. Кім ұшқан кептерді атып түсірсе, сол жеңімпаз.

Ақырында 21 кептерді атып түсірген бельгиялық Леон де Лунден жеңімпаз атаныпты. Кептерлерге обал-ақ...

Же-де-пом

Бұл ойынның қандай, қалай ойналатынын айтпай-ақ қоялық. Одан да суретті қараңыз. Ойын қазіргі тенниске өте ұқсас.

Суреттегілер жазалау құралдарына да келеді. Бірақ бұл ракетка мен шар.

 

Кедергілер арқылы жүзу

Кедергілер арқылы жүгіру бізге қалыпты көрінеді. Ал кедергілермен жүзу ше? Олимпиада тарихында бұл спорт түрі бір рет қана кіріктірілген еді. Мұндай спорт түрі Майкл Фелпстың түсіне де кірмеген шығар. Белгілі бір дистанцияны жүзіп өтіп қана қоймай, спортшылар қайықтың үстімен қарғып, зіл темірді асып, сосын қайтадан қайықтың астымен жүзіп өтуі тиіс болған. Абырой болғанда, ешкім де жапа шекпеген.

 

Арқан тартыс

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – арқан тартыс бір кездерде Олимпиада ойындарының қатарынан көрінген. Парижде өткен Олимпиадада бұл спорт түрі қызығушылық та тудырыпты. Бірақ ұйымдастыру алқасы бұл ойынды құп көрмеген сыңайлы. Кейіннен ойын тізімнен алынып тасталды.

Атпен ұзындыққа секіру

Атпен ұзындыққа секіру ең қызықты ойындар қатарында болғанын ешкім де білмейтін шығар. Атышулы Париж Олимпиадасында осы спорт түрінен жиналған адамда қисап жоқ дейді-мыс.

Суда ұзындыққа секіру

Үшінші Олимпиада ойындары Сент-Луисте өтті. Суға ұзындыққа секіру де қызықты өткен еді. Түсіндірейік, суға секірген спортшы өз салмағымен және судағы инерциясымен барған жері өлшенеді. Ал қолмен және аяқпен қимылдауға рұқсат жоқ.

 

Рокки

Америкалық крокетке ұқсайтын ойын түрі. 1904 жылы Олимпиаданың бұл түріне қатысуға 4 адам ғана келіпті. Сонда төртеуі де америкалық болып шыққан екен.

 

Ағашпен шайқасу

Альбертсон Ван Зо Пост есімді адам бұл спорт түрінен ең алғашқы әрі ең соңғы чемпион. Олимпиада комитеті кейінгі жылдарда да бұл ойынды біршама өзгертті.

 

Тағы да «біртүрлілеу» спорт түрі мыналар:

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: furfurmag.ru

А. Құлтай