Бокстан Қазақстан құрамасы "төрттік турнирінде" жеңіске жетті

Бокстан Қазақстан құрамасы "төрттік турнирінде" жеңіске жетті

Бокстан Қазақстан құрамасы "төрттік турнирі" аясында өткен барлық матчтарда жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әзірбайжан, Өзбекстан және Украина құрамаларымен болған кездесуде 9:1, 8:2 және 9:1 есебімен еліміздің ұлттық құрамасы жеңіске жетті. 

Мамандар бұл кездесулер арасындағы ең тартыстысы Украинамен болады деп топшылаған еді. Алайда құрамамыз оларды еш мүмкіндіксіз түзе бүктірді. Кездесудегі жалғыз жеңіліске Жәнібек Әлімханұлы (75 келіге дейін) ұшырады. Қалған боксшылар Біржан Жақыпов (49 келіге дейін), Ілияс Сүлейменов (52 келіге дейін), Қайрат Ералиев (56 келіге дейін), Ғани Жайлауов (60 келіге дейін), Айдар Әмірзақов (64 келіге дейін), Бақытжан Қожабеков (69 келіге дейін), Әділбек Ниязымбетов (81 келіге дейін), Антон Пинчук (91 келіге дейін) және Иван Дычко (91 келіден жоғары) өз салмақтары бойынша жеңіске жетті.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

Б. Қосмағамбет