Redfoo Виктория Азаренкомен кездесіп жүр

Redfoo Виктория Азаренкомен кездесіп жүр

Атақты рэперші Redfoo әлемнің бірінші ракеткасы Виктория Азаренкомен кездесіп тұратынын мәлім етті.

ESPN журналистерінің "Америкалық музыкантшы мен беларусьтық қызды жұп деуге келе ме?" деген сауалына 37 жастағы рэпершінің өзі жауап беріпті:" Иә, солай деуге болады. Біз бұл турасында сөз қозғай бермейміз, алайда, мен оны басқа жігітпен көрсем, қуанбаймын. Біздер уақытты көңілді өткіземіз және қарым-қатынастан қуат аламыз", - деп ағынан жарылған.

Соңғы ірі үш турнирде топ жарған Азаренкоға 37 жастағы Стефан Кендал Горди (Redfoo-ның шын аты) қолдау көрсетіп келеді. Теннис алаңынан сүйіктісіне өткен жылы да қол бұлғап отырған әншіні жиі көрсететін-ді.

Осының алдында ғана 23 жастағы Азаренко ғашық екенін баспасөзге жариялаған-ды. Бірақ, жігіт есімін құпия сақтап:

"Мен ғашықпын. Жұрттың бұл таңдауыма қалай қарайтыны маңызды емес. Мен елден ерек адаммен кездесемін. Ол - нөмірі бірінші адам. Ол - ғаламат жігіт. Екеуміз екі әлемнің адамдары секілдіміз. Мен оның елден ерек адам екендігіне толық кепілдік бере аламын. Ол - менің өмір бойғы арманым. Өзімнің жеке өмірім туралы мақтанудан аулақпын. Бәрібір де оның қасымда болғаны қандай жақсы. Сол үшін де қуаныштымын!" - деп «Беларусь партизанына» берген сұхбатта айтқан еді.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига