Геннадий Головкиннің қарсыласы анықталды

 Геннадий Головкиннің қарсыласы анықталды

Орта салмақтағы IBO және WBA тұжырымындағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің алдағы уақаттағы қарсыласы белігілі болды.

Кәсіпқой рингте 25 кездесу өткізіп, бір рет те жеңілмеген отандасымыздың келесі қарсыласы 31 жасар ганалық Осуман Адам болмақ. Осуман осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста 20 мәрте рингке шығып, оның 17-сінде жеңіске жетіп, 3 жеңілістің дәмін татқан. Егер қос тарап келісіп жатса, Головкин мен Адам арасындағы кездесу 2013 жылы 30 наурыз күні Францияда өтетін болады.

Айта кетейік, Головкин жиырмасыншы қаңтарда Габриэль Росадоға қарсы кездесу өткізген. Орта салмақта WBA тұжырымындағы өткен кездесуде Геннадий айқын басымдылықпен жеңіп, белбеуін сақтап қалған болатын. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН