Америкаға баратын "Арландардың" құрамы анықталды

Америкаға баратын "Арландардың" құрамы анықталды

Қазақстандық "Астана Арланс" америкалық "Los Angeles Knockouts" бокс клубына қарсы өткізетін кездесуіндегі команда құрамын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Бірінші кездесуде 54 келіге дейін қазақстандық Хабибулла Исмаил-Ахунов пен мексикандық Браулио Авилла Хуарес кездеседі. 61 келіге дейінгі салмақта "Арландардың" капитаны Самат Башенов америкалық Эрик Фаулерге қарсы жекпе-жек өткізбек.

Үшінші кездесу барысында 73 келіге дейінгі салмақта "Астана Арланстың" легионері израильдық Константин Снигур АҚШ боксшысы Уильям Уильмспен рингке шығады. 85 келіде "Арландар" құрамындағы тағы да бір легионер ирандық Эхсан Рузбахани "Los Angeles Knockouts" сапындағы Босния және Герцоговина өкілі Джемаль Боснякпен жұдырықтасады.

Бокс кешін аса ауыр салмақтағы боксшылар аяқтайды. Олар Қазақстан атынан украиндық Роман Капитоненко мен АҚШ клубы атынан рингке шығатын венгр Иштван Бернадт.

Америкалық "Los Angeles Knockouts" пен қазақстандық "Астана Арланс" клубтары арасындағы кездесу 31 қаңтарда АҚШ-тың Калифорния штатында өтеді.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

Б. Қосмағамбет