Мария Кириленко төртінші айналымда Серена Уильямспен кездеседі

Мария Кириленко төртінші айналымда Серена Уильямспен кездеседі

Ресейлік ракетка шебері Мария Кириленко Аустралия Ашық чемпионатында белгиялық спортшы Янина Викмайерді 7:6 (4), 6:3 есебімен тізе бүктіріп, жарыстың төртінші айналымына жолдама алды.

Аталған ойын 1 сағат 54 минутқа созылды. Мария ойынға шыққан бетте-ақ өзін сенімді ұстады. Ал белгиялық ракеткашы Янина оңтайлы жірден қателік жасап, ақыр аяғында басымдылықты беруге мәжбүр болды. Өз кезегінде жеңіске бастар тура жолдан адасып қалды.

Естеріңізге сала отырсақ, төртінші айналымда Кириленко американдық спорт шебері Серена Уильямспен кездеседі. Ал ол өз кезегінде "күншығыс елінің" өкілі, яки жапондық теннисші Аюми Моританы 6:1, 6:3 есебімен қиналмай ұтты.

сурет:australian-open

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига