Тоғызқұмалақтан республикалық жарыс басталды

Тоғызқұмалақтан республикалық жарыс басталды

Бүгін, яғни 21 ақпан күні Алматыда бес күнге созылатын тоғызқұмалақтан топтық республикалық чемпионат басталды, деп «Экспресс К» агенттігі хабарлайды. Жарыстың мәресі мен марапаттау рәсімі  25 ақпан күні өтеді.

Бірнеше ғасыр бұрын шопандардың ойлап тапқан ойыны қазіргі кезде 100 мыңнан астам адамның ермегіне айналды. Биылғы жарысқа республикамыздың барлық облыстарынан келген топтар қатысады. Әр топ 6 адамнан тұрады: 3 ер кісі, 3 әйел.

Естеріңізге сала кетсек, 2005 жылдан бастап, Қазақстанда тоғызқұмалақтан республикалық чемпионат жыл сайын өткізіліп келеді. 2008 жылы ел ордасы Астана қаласында штаб-пәтері орналасқан халықаралық тоғызқұмалақ федерациясы құрылған болатын. Біздің спортшылар жыл сайын ұйымдастырылып жатқан түрлі халықаралық турнирлерде өнер көрсетіп келеді. Бұл спорт түрінен әлем біріншілігі екі жылда бір рет ұйымдастырылады. 2010 жылы бұл бәйге бүкіләлемдік зияткерлік спорттық ойындар бағдарламасына енді" - деді халықаралық дәрежесі бар спорт шебері Мушрат Елікбаев өз сөзінде.

Сурет utfks-pvl.gov.kz сайтынан

Форумда талқылау