Ертең "Астана арландары" мен "неміс қырандары" айқасады

Ертең "Астана арландары" мен "неміс қырандары" айқасады

Ертең қазақстандық "Astana arlans" бокс командасы WSB турнирі аясында Германияда жергілікті German Eagles (неміс қырандары) командасына қарсы кездесу өткізеді, деп хабарлайды команданың ресми сайтына сілтеме жасаған Vesti.kz.  

"Арландар" бапкері Сергей Корчинский бұл кездесуге итальяндықтарға қарсы жекпе-жекте жеңіске жеткен құрамның жартысын шығарып отыр. Қатарға жаңадан тек хорваттық Хрвое Сеп пен Филипп Хргович қосылды. 

Сонымен "арландар" төмендегідей құраммен "қырандарға" қарсы тұрмақ:

54 келіге дейін
Бағдат Әлімбеков VS Николаэ Андреан
1

61 келіге дейін
Эрик Донован VS Дэвид Джойс

2

73 келіге дейін
Сергей Деревянченко VS Шек Паскаль

3

85 келіге дейін
Хрвое Сеп VS Серж Михел

4

91 келіден жоғары 
Филипп Хргович VS Эрик Брехлин

5

Матч 12 қаңтар күні немістің Ганновер қаласында Астана уақытымен 01.00-де басталады. Кездесуді тікелей эфирде "Ел Арнадан" тамашалай аласыздар. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz, altaynews.kz

 

Б. Қосмағамбет