Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / "Астана" командасы "Дакар-2013" жарысының үшінші кезеңін сәтті аяқтады

"Астана" командасы "Дакар-2013" жарысының үшінші кезеңін сәтті аяқтады

«КАМАЗ» жүк көлігінде өнер көрсететін «Астана» командасының экипаждары "Дакар-2013" ралли-марафонының үшінші кезеңін тоғызыншы болып аяқтады.

Құрамында Артур Ардавичус, Алексей Никижев және Нұрлан Тұрлыбаев бар Қазақстан командасы Писко мен Наска аралығындағы қашықтықты 3 сағат, 14 минут, 43 секунд уақытта өтті. Айта кетсек, бұл аралықтың жалпы ұзақтығы 343 шақырымға тең келеді. Оның 243 шақырымы арнайы қиындатылған жол, 100 шақырымы тегіс жол болған.

Жалпы үшінші кезеңде «Дакардың» қазіргі чемпионы нидерландылық Жерар Де Рой «Iveco» жүк көлігімен бірінші болып келді. Екінші болып ресейлік «КАМАЗ-Мастер» жүк көлігінің жүргізушісі Эдуард Николаев мәре сызығын кесті. Үшінші орын «Iveco» командасының тағы бір жүк көлігін айдаған итальяндық Мики Бьязьонға бұйырды.

Ал үш кезеңнен соң жалпы тізімнің көшін Жерар Де Рой бастап тұр. Екінші сатыда нидерландылық жүргізушіден жеті минут қалған чехиялық Алеша Лопрайса орналасқан. Үздік үштікті көшбасшыдан он үш минуттай жеңіліп келе жатқан Мики Бьязьон қорытындылап тұр.

"Дакар-2013". Ралли-марафоны 3-кезең. Жүк көліктері.
Писко - Наска, 343 км
1. Жерар Де Рой (Голландия, Iveco) - 2:55:58;
2. Эдуард Николаев (Ресей, KAMAZ) - 2:57:22 (+1:24);
3. Мики Бьязьон (Италия, Iveco) - 2:58:29 (+2:31);
4. Алеш Лопрайс (Чехия, Tatra) - 3:00:41 (+4:43);
5. Питер Верслейс (Голландия, MAN) - 3:02:30 (+6:32);
...
9. Артур Ардавичус (Қазақстан, KAMAZ) - 3:14:43 (+18:45).

Жалпы кесте:
1. Жерар Де Рой (Голландия, Iveco) - 6:23:15;
2. Алеш Лопрайс (Чехия, Tatra) - 6:30:14 (+6:59);
3. Мики Бьязьон (Италия, Iveco) - 6:36:41 (+13:26);
4. Эдуард Николаев (Ресей, KAMAZ) - 6:44:59 (+21:44);
5. Питер Верслейс (Голландия, MAN) - 6:51:36 (28:21);
...
9. Артур Ардавичус (Қазақстан, KAMAZ) - 07:29:59 (+1:06:44).

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

1885 3
Рейтинг: +0

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 08 қаңтар 2013, 17:05
Пікірлер
+0
08 қаңтар 2013, 21:07

Дурыс болган екен. Бұл кезең негізі жарыс жолынын ең қиын жолы гой. Сондықтанда аман-есе өткеніне қуанайық

+0
08 қаңтар 2013, 22:31

Орын алса екен

+0
09 қаңтар 2013, 02:35

Былтыр 3 орын алып планканы көтеріп алды. Биыл 3-тікке енілері 2 талай. Ал Де Рой жарап тұр, Камаздың даурені бітті

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...