Ольга Рыпакова фотосессияға түсті

Ольга Рыпакова фотосессияға түсті

Қатарынан үш рет секіріп түсуден Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова "Хронограф" журналының желтоқсан айына арналған санына суретке түсіпті. Есімі елге танымал спортшы "Boucheron", "Van Cleef & Arpels" және "Cartier" секілді әлемдік сән салондарының алтын-жақұттарын өзіне тағып көрген.

Түсірілім барысында фотограф Владимир Бабкин Ольганың тек қана талантты спортшы емес, сонымен қатар керемет модель бола алатынын айтқан. Алайда, Ольга суретке түсудің екі күнінің өзінен қатты шаршаған көрінеді. 

Суретке түсуде салқынқандылық танытқан қызымыз өз спорт жолы туралы да азды-кемді сыр ақтарыпты. Бізге белгілі болғандай, Ольга Шығыс Қазақстанда өткен республикалық чемпионаттың арқасында спортқа кездейсоқ келіпті. Өз атын тіркей салып, артынша әлем чемпионаттарында бақ сынайтынын өзі де білмепті.

Естеріңізге сала кетсек, Ольга Рыпакова Лондонда өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлдесін алған болатын.

Владимир Бабкиннің суреттері

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига