Владимир Кличко келесі кездесуін 24 ақпанда өткізеді

Владимир Кличко келесі кездесуін 24 ақпанда өткізеді

Украиндық боксшы Владимир Кличко келесі кездесуін ресейлік былғары қолғап шебері Александр Поветкинмен 24 ақпанда өткізеді. Бұл туралы Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) ресми сайты хабарлайды.

Қазан айының соңында WBA-дің вице-президенті Жильберто Мендоса Джакартадағы конгресте Владимир Кличко мен Мариуш Вах арасындағы кездесудің жеңімпазы міндетті түрде Александр Поветкинмен 2013 жылдың 27 ақпанына дейін жекпе-жек өткізетіні туралы айтқан болатын. Ал өткен сейсенбі күні украиндық боксшының менеджері Владимир Хрюнов Владимир Кличко мен Александр Поветкин арасындағы кездесу 2013 жылдың 24 ақпанында өтетінін мәлімдеді.

Владимир Кличко қараша айында Мариуш Вахты жеңіп, WSB тұжырымының «суперчемпион» атағын қорғап қалды. Владимир сонымен қатар WBO, IBF және IBO дәрежесіндегі әлем чемпионы. Ал Поветкин тек WBA  тұжырымы бойынша ғана әлемнің чемпионы.  

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: svit24.net

Ю. НИКУЛЛИН