«Астана» велокомандасы 2013 жылғы маусымға лицензия алды

«Астана» велокомандасы 2013  жылғы маусымға лицензия алды

Халықаралық велоспорт қауымдастығы (UCI) 2013 жылғы WorldTour жарысына лицензия алған командалардың тізімін жариялады. Бұл тізімде еліміздің намысын қорғайтын «Астана» велокомандасы бар.

Ертеректе бұл лицензиялар қараша айының ортасына дейін беріліп келген. Ал биыл рұқсат қағаз желтоқсанның онынан бастап берілді. Мұның барлығын ұйымдастырушылар Saxo-Tinkoff командасын Про-турға қосу мәселесі бойынша ұзаққа созылды дейді. Лицензияны бірінші болып алған команда - қазақстандық «Astana Pro Team».

Сондай-ақ украиналық «BMC Racing Team», италиялық «BMC Racing Team», «Lampre – Merida», бельгиялық «Omega Pharma – Quick Step Cycling Team», аустриялық «ORICA GreenEdge», ұлыбританиялық «Sky ProCycling», нидерландылық «Vacansoleil DCM Pro Cycling Team» және испаниялық «Movistar Team» командалары 2013  жылғы Про-турға қатысуға рұқсат алған.

Айта кетейік, алдағы маусымға лицензия алмаған командалардың қатарында ресейлік «Катюша» командасы бар. Ендігі аптада бұл команда лицензия алуға тағы бір талпыныс жасап көреді.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет:vesti.kz

Л. Лига