Мексикалық боксшы онжылдық чемпионы атанды

Мексикалық боксшы онжылдық чемпионы атанды

Мексикалық боксшы Хуан Мануэль Маркес WBO нұсқасы бойынша онжылдық чемпионы титулын жеңіп алды. Спортшы бұл нәтижеге әлемнің экс-чемпионы Мэнни Пакьяоны жеңгеннен кейін қол жеткізді.

Қос экс-чемпион арасындағы шайқас Лас-Вегас қаласаныда өтті. Қарсыластар осылайша бір-бірімен 4-рет кездескен еді. Айта кетелік, бұған дейін жалпы ұпай саны бойынша 33 жастағы Пакьяо алда келе жатқан болатын. Қос спортшының шайқастарының біреуі тепе-тең нәтижемен аяқталса, қалған екі кездесуді филиппиндік ұтқан.

Шайқастың бас жағы 39 жастағы Маркес үшін сәтсіз болды. Дегенмен 4-раундта боксшы қарсыласын нокдаунға жіберді. Ал 5-раундта Пакьяо қайта күшіне мініп басымдық танытып, қанжығасына ұпайды қарқынмен жинай бастады. Алтыншы раунд та дәл осылай жалғаса берді. Дегенмен соңғы минутта Маркес қарсыласына оң жақтан ауыр соққы тигізіп Пакьяоны нокаутқа түсірді. Мексикалық осылайша алғаш рет Мэнни Пакьяодан айласын асырып, онжылдықтың чемпионы титулын жеңіп отыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: allboxing.ru

Б. Қосмағамбет