Ольга Рыпакова «Жыл спортшысы» атанды

Ольга Рыпакова «Жыл спортшысы» атанды

Үш қарғып секіруден Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова «Cosmopolitan Fun Fearless Female» байқауы бойынша жылдың «үздік спортшысы» атанды. Бұл туралы vesti.kz спорт порталы хабарлайды. 

«Cosmopolitan FFF» байқауы он бес жылдан бері Ресей жерінде өткізіліп келеді. Ал Қазақстанда бұл байқау бірінші рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқауды қазақ жерінде өткізудің басты себебі - Қазақстанда толағай табысқа жеткен қыз-келіншектерді насихаттау. Сонымен қатар олардың алдағы уақыттағы жұмысына жігер беру.

Айта кетейік, биыл «Cosmopolitan FFF» байқауында Қазақстанның «Жыл спортшысынан» басқа,  «Жыл әншісі», «Жыл әртісі», «Үздік дизайнер», «Үздік блогшы», «Үздік тележүргізуші», «Үздік радиожүргізуші» номинацияларының жеңімпаздары анықталатын болады.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: Vesti.kz

Л. Лига