Неймар:"Алтын допты" Месси алады"

Неймар:"Алтын допты" Месси алады"

"Сантос" командасының шабуылшысы Неймар еш күмәнсіз осы жылдың "Алтын добы" Мессиге бұйырады деп бек сеніп отыр. Бұл туралы goal.com хабарлайды.

"Маусымда сәтті өнер көрсетіп жүргендіктен, Месси жеңіп шығады. Әрине, Роналдоның да жасындай жарқылдап жүргенін ескерсек, онда үлкен бір тартыстың орын алатыны айдан анық. Алайда, бәрібір де соңында жеңімпаз Месси болып шығады", - деп Неймар ағынан жарылған көрінеді.

Бразилиялық ойыншы Еуропаға келгісі келетінін жасырмаған. Бірақ, сол ауысатын уақыттың әлі туа қоймағанын ескеріп отырған көрінеді.

"Еуропаға қанша барғым келгенмен, ауысатын уақыт туа қоймағанын әлі сезінемін. Мен "Сантоста" ата-анамның, жақын бауырларымның көз алдында, туған жердің төсінде өнер көрсетіп жүргеніме қуаныштымын. Менің ең үздік ойыншы болмастан бұрын бақытты өмір сүргім келеді. Ең бастысы, бақытты болу емес пе?!" - деген екен.

Айта кететін болсақ, шабуылшының "Сантоспен" жасаған келісімі 2014 жылы соңына жетеді.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига