Винченцо Нибали Италияның үздік велошабандозы атанды

Винченцо Нибали Италияның үздік велошабандозы атанды

Италияның үздік шабандозына берілетін Giglio d'Oro жүлдесінің 2012 жылғы жеңімпазы болып «Астана» велокомандасының шабандозы Винченцо Нибали атанды. 

28 жасар Сицилия қаласының тумасы үстіміздегі маусымды өте сәтті өткізді. Нибалы алдымен Тиррено-Адриатико жарысында топ жарса, Лежь-Бастонь-Льеж жарысында екінші сатыдан көрінді. Ал велоспорттың ең бәсі биік додасы Тур де Франс көпкүндігінде Винченцо үздік үштік қатарында болды. 

Бұл жылы Винченцо Нибали Giglio d'Oro сыйлығын 1950 жылы Джиро-де-Италия көпкүндігінде топ жарған атақты велошабандоз Альфредо Мартинидің қолынан алды. Айта кетейік, Нибали осымен екінші мәрте Giglio d'Oro сыйлығын жеңіп отыр. 

«Екінші рет Италияның үздік велошабандозы атанғаныма қуаныштымын. Алдағы уақытта да маған сенетін адамдардың үмітін ақтауға тырысамын. Мен 2013 жылғы Франция жерінде өтетін Тур де Фран көпкүндігінде топ жаруды көздеп отырмын. Сонымен қатар алдағы жылғы Әлем чемпионатында үздік үштіктен көрінсем деген ой да бар», - дейді Винченцо Нибали.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru

Л. Лига