Алматыда халықаралық велобәйге өтеді

Алматыда халықаралық велобәйге өтеді

Алматыда халықаралық веложарыс өткізілмек. Бұл туралы Massaget.kz тілшісіне Қазақстанның велоспорт федерациясының техникалық директоры Александр Антышев айтып берді.

"Егер барлығы біз ойлағандай болса, 2013 жылы Алматыда 1.2 категориясындағы континенталдық командалар арасында біркүндік топтық жарыс өткізуді жоспарлап отырмыз. Қазір осы мәселе бойынша кездесулер өткізіп жүрмін. Алматы қаласы басшылығымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Құжаттар жинап жатырмыз. Маршрут жасаудамыз. Бұл тұрғыда біздің федерация Қазақстандағы шешілуі тиіс мәселелермен айналысып жатыр. Еуропадағы мәселелерді шешу Винокуровтың мойнында. Идея авторы да осы Александр. Бұл ойын ол тамыз айында қала әкімі Ахметжан Есімовпен кездесуінде айтқан болатын. Әкім келіскен еді", - деді Антышев.

Айта кетелік, Александр Винокуров бұған дейін Қазақстанда халықаралық велобәйге ұйымдастыруды армандап жүргенін айтқан болатын. 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы бұл туралы Лондоннан оралған сәтте берген сұхбаты кезінде айтқан еді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: adigea.aif.ru

Massaget