Кличколарды әлемге танытқан компания банкротқа ұшырады

Кличколарды әлемге танытқан компания банкротқа ұшырады

Әлемдегі ірі промоутерлік компаниялардың бірі Universum Box-Promotion Гамбург сотына өзінің банкротқа ұшырағанын айтып, арыз берді. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланды.

Universum Box-Promotion 1984 жылы Клаус-Петер Колдың мұрындық болуымен құрылған еді. Ұйым 1996-2004 жылдары ағайынды Виталий және Владимир Кличколармен серіктес болды. Ұжым қазіргі кезде ресейлік қос боксшы Рахим Чахкиев және Денис Бойцовпен жұмыс жасап жатқан еді.

"Компанияның жағдайы жөндеуге келмейді", - деді директор Вальдемар Клюх. Оның айтуынша, ұйым 1,5 миллион евро қарызға кіріп кеткен.

Шетелдік БАҚ-тар Universum-ның бұлай құлдырауы боксты трансляциялаудағы пайдасының азайып кетуімен түсіндірген. Енді сот компанияның ликвидациясын іске асыратын сыртқы басқарушыны тағайындайды деп күтілуде.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: mk.ru