Ватерполшыларымыз Азия чемпионатында екінші орыннан көрінді

Ватерполшыларымыз Азия чемпионатында екінші орыннан көрінді

Қазақстанның ерлер құрамасы су түрлері спортынан өтіп жатқан Азия чемпионатының іріктеу кезеңінде су добынан Қытай құрамасынан жеңіліп қалды.

Тартысты да қызықты өткен ойын негізгі уақытта 8:8 есебімен тең аяқталды. Қосымша уақытта да бір-бір голдан соғып, ойын тағдыры пенальтиде шешілді. Бұл жолы қытайлық спортшылардың бағы басым түсті. 

Сонымен, Дубайда су түрлері спортынан өткен Азия чемпионатының бас жүлдесі Қытай құрамасына бұйырды. Қазақстан құрамасы күміс жүлдені қанжығасына байласа, үздік үштікті Жапония қорытындылады. 

Естеріңізге сала кетсек, су добынан Қазақстанның әйелдер құрамасы да финалда Қытай қыздарына жол берген болатын. 

сурет:classes.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига