Жерлестеріміз Әлем Чемпионатын абыроймен өткізуде

Жерлестеріміз Әлем Чемпионатын абыроймен өткізуде

Қазақстандық қос шахматшы Жансая Әбдумәлік пен Динара Сәдуақасова словендік Мариборде өтіп жатқан жастар арасындағы шахмат турнирінде алдыңғы орында келе жатыр.

Юниорлар арасындағы турнирде осы уақытқа дейін алты тур ойналып үлгерді. Турнир соңына жету үшін тағы бес тур ойналуы керек. Қазақстандық басқа спортышларымыздың да көрсетіп жатқан нәтижелері көңіл көншітерлік. Мәселен, 8 жасқа дейінгі спортышылар арасында өнер көрсетіп жатқан Әмірхан Маханов жерлестеріміздің ішінде ең үздігі болып тұр. Ол бес ұпай жинады. Келесі турда Әмірхан қытайлық Ян Ю Ханмен бақ сынасатын болады.

df

Жансая Әбдумәлік

Қыздар арасында ең жақсы нәтиже көрсетіп отыраған спортшы Бибісара Асаубаева (5 ұпай). Он жасар шахматшылар арасында ең үздік нәтиже көрсеткен қазақстандықтар Әсел Серікбай (4.5 ұпай) мен Рамазан Жалмаханов (5 ұпай).

Келесі 12 жасқа дейінгі категорияда әлем чемпионы Жансая Әбдумілік өнер көрсетуде. Ол ертең қытайлық Чу Жуо Тонмен бақ сынасатын болады. 5,5 ұпайдан жинаған қос спортшы әзірге бірінші орынды бөлісіп отыр.

ва

Динара Сәдуақасова

16 жасқа дейінгі категорияда өнер көрсетіп жатқан Динара Сәдуақасова жеті ойыншымен екінші орынды бөлісіп отыр. Оның қанжығасында 5 ұпай бар. Спортшымыз осылайша қытайлық Сяо И Иден жарты ұпайға кейін қалды. Жетінші турда Динара ресейлік Полина Родионовамен кездесетін болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: samogo.net, tengrinews.kz