Месси Пеле орнатқан рекордтың мұртын бұзды

Месси Пеле орнатқан рекордтың мұртын бұзды

«Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси футбол патшасы Пеленің рекордын бұзды.

Лео Месси Испания біріншілігінің аясында «Мальоркамен» өткен кездесуде маусымдағы 75 голын соқты. Бірақ енді аргентиналық шабуылшы бір маусымда ең көп гол соққан сұрмергендердің көшін бастау үшін 1975 жылы «Бавария» сапында ойнап, 85 мәрте қарсылас қақпасының саңылауын тапқан Герд Мюллерге жету керек.

Ал, бразилиялық даңқты аяқдопшы Пеле бір маусым барысында 66 рет қанжығасын майлаған. Ол 1958 жылы «Сантос» сапында ойнап жүргенінде әлем рекордына қол жеткізген болатын.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: time-football.com

Ю. НИКУЛЛИН