Футболдан Қазақстан біріншілігінің статистикалық мәліметтері

Футболдан Қазақстан біріншілігінің статистикалық мәліметтері

Футболдан 2012 жылғы Қазақстан біріншілігінде өнер көрсететін командалар мен ойыншылардың статистикалық мәліметтері.

— Жылдың үздік командасы — «Тобыл» (32 ұпай);
— Жылдың ең нашар командасы — «Оқжетпес» (8 ұпай);
— Сырт алаңда үздік өнер көрсеткен команда  — «Шахтёр» (22 ұпай);
— Сырт алаңда ең нашар өнер көрсеткен команда — «Оқжетпес» (ұпай);
— Ең нәтижелі команда — «Шахтер» (48 доп);
— Ең нәтижесіз команда — «Атырау» және «Сұңқар» (16 доп);
— Өз қақпаларына ең аз гол жіберген — «Шахтер» (15 доп);
— Өз қақпаларына ең көп гол жіберген — «Оқжетпес» (56 доп); 
— «Ертіс» пен «Тобыл» өз алаңдарында бар болғаны 1 мәрте ғана жеңілген;
— «Қайсар», «Жетісу» және «Оқжетпес» сырт алаңда бар болғаны 1 рет қана жеңіске жеткен;
— «Шахтер» екінші мәрте қатарынан Қазақстанның чемпионы атанды;
— «Ертіс» төртінші рет Қазақстан біріншілігінің күміс жүлдегері атанды;
— «Ақтөбе» екінші рет қола жүлде иегері атанды;
— «Ақтөбе» сегізінші маусым жүлдегерлер қатарынан көрініп отыр, бұл еліміздің рекордтық көрсеткіші (2005-2012 ж.ж); 
— «Астана» үшінші рет соңғы турда жүлделі орыннан қағылып келеді.; 
— «Ертіс» 21 рет өткен Қазақстан біріншілігінде 15 мәрте жүлдегерлер қатарынан көрініп келеді; 
— «Тараз» 1997 жылдан бері енді ғана 4-орынға көтерілді; 
— «Астана» өзінің қысқа тарихындағы ең төменгі 5-орын алды;  
— «Ақжайық»8-орында, бұл оралдық команданың Қазақстан біріншілігіндегі ең жоғарғы көрсеткіші; 
— «Сұңқар» бірінші мәрте премьер-лигаға шығып, өз орнын сақтап қала алмады: 
— Үшінші жыл қатарынан, жалпы алғанда төртінші рет өзбекстандық шабуылшы – Ұлықбек Бакаев ел біріншілігінің үздік сұрмергені атанды. Ертеректе, үш мәрте Мұрат Тілешов үздік сұрмерген атанған болатын;
— Маусым барысында Ұлықбек Бакаев Қазақстан біріншілігіндегі 100 матчтық белесті асты; 
— Бұл маусым барысында Нұрбол Жұмасқалиев 143 голын соғып, ел біріншілігіндегі үздік сұрмергендер тізімінде енді екінші орынға көтерілді;
— Маусым барысында Данияр Мұқанов ел біріншілігінде 400 матчтық белеске жетті. Дания енді премьер-лигада 400 матч өткізген Серік Жейлітбаев пен Руслан Гумардан кейінгі үшінші футболшы болып тіркелді; 
— «Восток» екінші мәрте бірінші лигада ойнайды. Бірақ бұл команда әр мүмкіндігінде де бірден премьер-лигаға қайта оралған;
— Бірінші мәрте Алматы облысының Өтеген Батыр ауданының «Іле-Сәулет» командасы премьер-лигада өнер көрсететін болады.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: ffk.kz

Ю. НИКУЛЛИН