Африканың үздік ойыншысына үміткерлердің тізімі жарияланды

Африканың үздік ойыншысына үміткерлердің тізімі жарияланды

Африка футбол қауымдастығы (CAF) өзінің ресми сайтында 2012 жылғы «қара құрлықтың» үздік ойыншысы атануға үміттілердің тізімін жариялады.

Кеңейтілген бұл тізімге: Александр Сонг (Камерун, "Барселона"), Андре Айю (Гана, "Марсель"), Кристофер Катонго (Замбия, "Хэнань"), Демба Ба (Сенегал, "Ньюкасл"), Дидье Дрогба (Кот-д'Ивуар, "Шанхай Шэньхуа"), Жервиньо (Кот-д'Ивуар, "Арсенал"), Джон Оби Микел (Нигерия, "Челси"), Пьер-Эмерик Обамеянг (Габон, "Сент-Этьен"), Яя Туре (Кот-д'Ивуар, "Манчестер Сити"), Юнес Бельханда (Марокко, "Монпелье") енген.

Үздік ойыншыны Африка құрлығына жататын елдің бас бапкерлері мен бас хатшылары дауыс беру арқылы таңдайды. Қараша айының соңғы күндерінде үздік үштік анықталатын болады. Ал жеңімпазды марапаттау рәсімі 20 желтоқсан күні Гана астанасы Аккрада өтеді.

Айта кетейік, былтыр «қара құрлықтың» үздік ойыншысы атағын Яя Туре жеңіп алған болатын. Ал жалпы бұл атақты ең көп "Анжи" командасының шабуылшысы Самюэль Это'О жеңіп алған. Ал үстіміздегі жылы Это'О тіпті үміткерлердің де қатарына енбеген.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: fc-anji.ru

Ю. НИКУЛЛИН