Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Ұлыбритания астанасы Лондонда теннистен АТР санатындағы жылдың қорытынды жарысының жеребесі тартылды

Жеребе қорытындысы бойынша 2012 жылдың үздік ракетка шеберлері қарсыластарын білді. Бүгінгі таңдағы әлемнің екінші ракеткасы, Олимпиада чемпионы Энди Маррей А тобына түсті. Бұл топта британдық жігіт жарыстың басты фавориті, серб Новак Джоковичпен ракетка түйістіретін болады. Жеребенің толық нұсқасы төмендегідей.

А тобы:

Новак Джокович (Сербия)

Энди Маррей (Великобритания)

Томаш Бердых (Чехия)

Жо-Уилфрид Тсонга (Франция)

 

В тобы:

Роджер Федерер (Швейцария)

Давид Феррер (Испания)

Хуан Мартин дель Потро (Аргентина)

Янко Типсаревич (Сербия)

Айта кетейік, ерлер арасындағы теннистен жылдың қорытынды жарысы 5 және 12 қараша аралығында Лондан қаласында өтеді.  

Ұлыбританияда қаржылық fair play енгізілмек

Ұлыбританияның премьер-лигасында өнер көрсетін командалардың жетекішлері қаржылық fair play әдісін енгізу туралы келіссөздер басталды.

Бұл жаңа бағдарлама қараша айының орта беліне дейін «Туманды альбион» жерінде орнатылмақ деп болжануда. Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлайды. Жалпы қаржылық fair play жоспары бойынша, Англияның жоғарғы біріншілігінде өнер көрсететін командалар ойыншылардың жалақысын жылына бар болғаны бес пайызға ғана көбейте алады.

Былтырғы маусымда ойыншыларының жалақасы тым көптігіне байланысты бірнеше командалар, атап айтатын болсақ, "Манчестер Сити" (-245 миллион), "Челси" (-85) және "Ливерпуль" (-61) көлемінде қаржылай тоқырауға ұшыраған болатын. Ал жалпы Премьер-лигада өнер көрсететін командалар  449 миллион еуроға шығындалған екен.

Айта кетейік, fair play әдісі өз күшіне ену үшін Премьер-лигада ойнайтын 20 команданың кемінде 14 мақұлдау керек!

Головкиннің алдағы уақыттағы қарсыластары анықталуда

Генадий Головкин өнер көрсететін К2 Promotions компаниясы 19 қаңтар күні WBA және IBO санатында қазақстандық чемпион Madison Square Garden спорт кешенінде америкалық Эдвин Родригеске қарсы жұдырықтасады дейді.
Сонымен қатар Гена алдағы жылы ортасалмақтағы IBO дәрежесінің чемпионы, оңтүстікафрикалық Томас Вестхайзенмен ринге шығуы мүмкін.

«Головкин келер жылдың қаңтар айында екі бірдей кездесуге дайындалып жатыр. Бірінші жекпе-жегінде Эдвин Родригеске қарсы шығады. Ал екінші кездесуін әлі жоспарлаған жоқпыз», - дейді K2 промоутері Том Лёффлер.

 Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: eurosport.ru

Ю. НИКУЛЛИН