Дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталады

Дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталады

Бүгін Талдықорғанда дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталады. Еліміздің барлық аймағынан келген 500-ге жуық татами шеберлері өз өнерлерін ортаға салмақ. Жетісу жерінде өтетін ел чемпионатының қорытындысы бойынша алдағы төрт жылға ұлттық құрама сапы жасақталатын болады

Жетісудың бас қаласындағы тартыс басталмас бұрын Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясының кеңейтілген алқалы жиыны өтті. Онда сөз алған қауымдастық төрағасы 2009 жылдан бері атқарылған істерге тоқталып, елімізде дзюдо күресі алдыңғы қатарлы спорт түріне айналғандығын атап өтті. Талдықорғанға рекордты көлемде қатысушылардың келуінің өзі осының айқын дәлелі. Бекет Сапабекұлы мемлекет қолдауының арқасында, Алматыда арнайы спорт кешені салынып, дзюдо орталығы ашылатындығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, ұлттық құрама бас бапкері қызметіне шетелдік маман Флориан Филичи кірісетіндігін де айтты.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: kazsports.kz

Ю. НИКУЛЛИН