Шведова «Кремль Кубогінің» жартылай финалына шықты

Шведова «Кремль Кубогінің» жартылай финалына шықты

Мәскеудің "Олимпийский"  спорт кешенінде өтіп жатқан, жалпы қаржылай қоры 740 мың АҰШ долларына тең келетін «Кремль Кубогінде» қазақстандық теннисші Ярослава Шведова жұптық өнер көрсетуде жартылай финалға шықты. Бұл туралы Vesti.kz спорт порталы хабарлайды.

Екінші айналым ойындары барысында Шведова словениялылқ Катарина Среботникпен жұптасып, Каталин Мароши мен Дарья Юракты екі сетта 6:3, 7:5 есебімен ұтты. Енді Шведова және Среботник жұбы финалдық жолдама үшін ресейлік Екатерина Макаровой мен Елена Веснина жұбымен кортқа шығатын болады. 

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық теннисші Ксения Первак Люксенбург жерінде өтіп жатқан WTA BGL BNP Paribas Luxembourg Open турнирінің жекелей сынында ширек финалға шықты. Екінші айналым барысында Первак 22 жасар румын қызы Сорана Кырстяны 7:66:1 есебімен ұтты.

Ширек финал барысында Первак Андреа Петковичпен жартылай финал жолдамасы үшін ракетка түйістіретін болады.  

 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: championat.com

Ю. НИКУЛЛИН