Ауыр атлетикадан әлем біріншілігі Қазақстанда өтеді

Ауыр атлетикадан әлем біріншілігі Қазақстанда өтеді

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Томаш Аянмен Ынтымақтастық туралы құжаттарға қол жеткізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру  істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұл құжаттың басты мақсаты – 2014 жылы елордамыз Астана қаласында ауыр атлетикадан әлем біріншілігін өткізуге ыңғайлы жағдайлар жасау.

 «Осындай жоғары дәрежедегі әлем чемпионаты біздің елімізде алғаш рет өткізілмек. Жалпы, Қазақстан – ТМД бойынша ауыр атлетикадан әлем чемпионатын өткізетін алғашқы ел. Бұл – лицензиялық дода болады, яғни осы әлем чемпионатының жүлдегерлері Рио-де-Жанейрода өтетін 2016 жылғы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарына жолдама  алады», - дейді Талғат Ермегияев.

Қазақстанда ауыр атлетикадан әлем чемпионатын өткізу туралы шешімнің қабылдануының өзі біздің елде аталған спорт түрінің жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді. Айта кетейік, Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан зілтеміршілері ел қоржынына 4 алтын медаль салған болатын.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: baq.kz

Л. Лига