Воскобоева Пекиндегі турнирдің іріктеу кезеңінен өте алмады

Воскобоева Пекиндегі турнирдің іріктеу кезеңінен өте алмады

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Пекинде өтіп жатқан WTA China Open 2012 турнирінің іріктеу додасынан өте алмады.

Спортшы іріктеу кезеңінің екінші айналымында сербиялық Бояна Йовановскиден 6:3, 4:6, 3:6 есебімен жеңіліс тапты. Естеріңізге сала кетелік, турнирдің бастапқы матчында спортшы Қытай спортшысы  Хао Чен Тангты 6:2, 6:3 есебімен ұтқан болатын.

Тағы бір қазақстандық спортшы Ярослава Шведованың негізгі кезеңнің бірінші айналымындағы алғашқы матчына бүгін куә боламыз. Теннисші словакиялық Доминика Цибулковамен кездесетін болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: prosportkz.kz