"Барыс" үшінші рет жеңіліс тапты

"Барыс" үшінші рет жеңіліс тапты

Қазақстандық "Барыс" клубы Континенталдық хоккей лигасында үшінші рет жеңіліске ұшырады. Дүйсенбі күні спортшыларымыз Омскілік "Авангардтың" стадионында алаң иелерінен жеңіліс тапты.

Негізгі уақытта қос қарсылас бір-біріне 3 шайбадан салды. Дегенмен овертаймда отандастарымыздың жолы болмады. Алғаш болып шайба жіберіп алған олар 4:3 жалпы есебімен жеңіліп қалды.

Естеріңізге сала кетелік, "барыстықтар" 7 қыркүйек күні мәскеулік "Динамодан" 1:5 есебімен ұтылса, келесі күні петербургтық  СКА-дан 3:7 есебімен жеңіліп қалған болатын.

"Барыстың" келесі ойыны 13 қыркүйек күні казаньдік "Ак Барсқа" қарсы өтеді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет:  РИА Новости