Серена Уильямс бірінші ракетканы тізе бүктірді

Серена Уильямс бірінші ракетканы тізе бүктірді

Серена Уильямс US Open турнирінің жеңімпазы атанып отыр. Америкалық қара қыз финалда әлемнің бірінші ракеткасы Виктория Азаренкомен кездескен болатын (6:2, 2:6, 7:5). Айта кететін болсақ, Уильямс үшін бұл Үлкен Шлем турнирінде жеңіп алып отырған 15-марапаты.

Турнирдің финалына дейінгі аралықта америкалық қыз ешқандай қиындық көрмеді десек, артық айтқандық болмас. Ол өткізген әр ойынның айқын жеңімпазы болды. Және 15-марапатты ала алмай қалады-ау деген күңсік күдік еш адамның ойында болып көрмеді.
Сеттің бірінші бөлігінде Серена айқын топ бастаса, екінші бөлікте Виктория өз мықтылығын көрсете алды. Ал үшінші бөлікте Серена қайтпас қайсарлығы мен табандылығының арқасында жеңіске бастар тура жолды тапты.
Серена Уильямс, US Open турнирінің жеңімпазы: "Ұлы жеңімпазды барлығынан бөліп, көрсетіп тұратын жеңістер тізімі ғана емес... Бастысы әр соққыдан соң, еңсеңді жинап алу. Бүкіл өмірлік мансап жолында да сол, әр ойында да..." - деп жүрекжарды сөзін жасырып қалмады.

сурет: dailynews.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига