Кличко WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды

Кличко WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды

Украиндық боксшы Виталий Кличко Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) нұсқасынан аса ауыр салмақта өзінің әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

Мәскеуде өткен шайқаста Кличко Германия өкілі Мануэл Чармен бақ сынасты. Бокс басталғаннан-ақ украиндық боксшы өзінің басымдылығын анық байқатты. Чар болса ара-арасында қысқа соққылармен шабуыл жасап қойғаны болмаса, негізінен раундтарды қорғанып қана өткізді. Төртінші раундта неміс боксшысының сол көзінің асты жарылып, айқас тоқтатылды. 

41 жастағы Кличко осылайша 4 жыл бұрын спортқа қайта оралған күнінен бастап есептегенде чемпиондық атағын тоғызыншы рет қорғап алды. Украиндық профессионалдық рингте барлығы 46 шайқас өткізіп (Чарды есептемегенде), оның екеуінде ғана жеңіліс тапты. 27 жастағы Чар болса осыған дейін кәсіби алаңда жеңіліп көрмеген. Ол рингте ұзын саны 21 бокс өткізіп, оның 11-ін мерзімінен бұрынғы жеңіспен аяқтады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: sport-xl.net