Қазақстан құрамасы жаңа формада...

Қазақстан құрамасы жаңа формада...

2014 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы жаңа жейде киіп шықпақ. Ең бірінші ойын Ирландия құрамасына қарсы «Астана-Арена» стадионында өтетіндігі туралы және де басқа мәселелер бойынша Қазақстанның футбол федерациясы презентация өткізді.

"Бұл форманы ұлттық құраманың ересектері ғана киіп қоймайды. Жастар құрамасы мен балалар құрамасы да киетін болады. Қазақстан көк түс пен сары түстегі формалармен қатар ақ түсті форманы да қонаққа шыққанда киетін болып отыр..." -деп Қазақстанның футбол федерациясының қоғамдық байланыс бөлімнің бастығы Измаил Базаров айта кетті.

Жаңа жейдені жасау үшін заманауи жаңа технологиялардың бәрі қолданылған. Мәселен, clima-lite секілді технологиялар тоқсан минут бойы жейдені кебу ұстайды. Содан кейін ыстық күннің астында футболшылардың денесін ыстықтатпайтын болады. Және ең бастысы, жаңа жейденің арқасында ойыншылардың физикалық мүмкіндіктері әрқашан өз үдесінен табылады-мыс.

Қазақстан құрамасының капитаны Қайрат Нұрдәулетов:

"Бізде болған соңғы  экипировка жаман болмады. Алайда, жаңаның аты жаңа емес пе?! Бұрындары ауыстырып тұруға жейде табылмайтын. Енді міне қос-қос жейдемен қатар, қыстық киімдер мен керек-жарақтың бәрі үлестіріліп отыр. Дәл осылай қамқорлық жасап жатқандары қуантады".

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан мен Ирландия құрамасы арасындағы ойын 7 қыркүйек күні 22.00-де «Астана-Арена» стадионында басталады.

сурет:ФФК

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига