Америкалық велошабандоз Лэнс Армстронг өмір бойы спорттан аластатылады

Америкалық велошабандоз Лэнс Армстронг өмір бойы спорттан аластатылады

Америкалық велошабандоз Лэнс Армстронг допинг қолдануға қатысты тағылған айыпқа байланысты өмір бойы спорттан аластатылады және де Тур де Франс көпкүндігінде жеті жүлдесінен де айырылатын болады, деп хабарлайды USA Today.

Америкалық антидопингтік агенттігі (USADA) 14 маусым күні атақты велошабандозға бірден бірнеше ережені бұзғаны үшін айып таққан болатын. 

USADA атқарушы директоры Трэвис Тайгарттың хабарлауынша, америкалық спортшы кәсіби велоспорттан өмір бойына аластатылған, сондай-ақ, Тур де Франсте жеңімпаз титулдарынан айырылды. 

"Біздің спорт пен спортшыларымызды жақсы көретіндерге бұл қайғылы күн. Жеңіс тұғырына көтерілуге ұмтылатын спортта әділ жарыс пен допинг қолданбайтын спортшылардың артта қалуы жанға батады. Бұл болашақ ұрпаққа енді ескерту болмақ, жарысқа допинг пайдаланбай қатысу қажет", - дейді Тайгарт.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: in.com

Ж. FM